«AMANAT» партиясының Шымкенттегі коалициялық штабтары референдумды қолдау бағытында ауқымды жұмыстар атқарды.
150-ден аса мүшеден құралған топ 695 мыңнан астам қала тұрғынын қамтып, маңызды саяси науқанның мақсат-мүддесін түсіндіруде белсенділік танытты. Ақпараттық науқан аясында 200-ден аса билборд пен LED экрандарда, сондай-ақ қоғамдық көліктерде ақпараттық материалдар орналастырылып, 220 мыңға жуық үгіт парақшасы таратылды. Партия атынан сайлау учаскелеріне бекітілген 848 байқаушы дауыс беру процесінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етіп, заң бұзушылықтардың орын алмауына бақылау жүргізді.
МҰРАТ ЖОЛДЫҚОЖАЕВ, AMANAT ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Референдумды қолдау мақсатында Шымкент қаласында барлығы 150 мүшеден тұратын 6 коалиция құрылды. Коалиция мүшелерінің атсалысуымен 527 іс-шара өткізіліп, үгіт-насихат науқаны барысында офлайн және онлайн форматта 695 мыңнан астам сайлаушы қамтылды. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде 200-ден астам LED экран мен билбордта, сондай-ақ 200 қоғамдық көлікте ақпараттық материалдар орналастырылды. Референдумға шақыру мақсатында республикаға танымал, қаламыздың түрлі саласында еңбек ететін 20-ға жуық азаматтың бейнероликтері жарияланып, олар 17 миллионға жуық қаралым жинады. Қала бойынша коалиция мен партия атынан 363 сайлау учаскесінде 848 байқаушы қатысып, референдумның әділ әрі ашық өтуін бақылауға алды. Нәтижесінде барлық учаскелерде заң талаптары сақталып, ешқандай құқық бұзушылық тіркелген жоқ.