Қоғамдық көлікте жол ақысын төлемеген жолаушыларға 8650 теңге мөлшерінде айыппұл салынады.


Қоғамдық көлікте жол ақысын тек электронды төлем арқылы төлеуге болады. Қолма-қол ақша немесе жүргізушінің жеке есепшотына аудару заңға сәйкес рұқсат етілмейді. 2026 жылдың басынан бері жүргізілген тексеру барысында жол ақысын төлемеген 3719 жолаушыға әкімшілік хаттама рәсімделді. Электронды төлем жүйесі жолаушылар ағынын нақты есептеуге мүмкіндік береді. Бұл қоғамдық көліктер санын көбейтуге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді.