Түркістан облысында құны 48 миллион теңге болатын 59 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жетісай аудандық прокуратурасы жүргізген талдау барысында ұзақ уақыт игерілмеген және заңсыз берілген 11 жер учаскесі анықталды.
Қадағалау органы қадағалау актісі негізінде сотқа талап арыз беріп, нәтижесінде қараусыз қалған жер телімдері мемлекет меншігіне өтті. Заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
АЗАМАТ АЙТУҒАН, ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
– Сот актісі заңды күшіне енді. Заң бұзушылыққа жол берген жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мемлекет мүддесін қорғау және заңсыз иеленілген мүліктерді қайтару прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.