Алдымен ақын жазушының жүріп өткен өмірі туралы деректі фильмін көрермендерге үсынды. Нұр Бибі омар Тұрбат ауылында 1955 жылы дүниеге келген. Мектеп қабырғасынан бастап, аудандық, облыстық баслымдарда өлеңдерімен жырлары жарық көре бастапты.
Ақын жазушы апамыз еңбек жолын Ташкент облысы Бостандық ауданы Шымган ауылында қазақ тілі мен әдебиетінен қазақ-өзбек балаларына дәріс беруден бастапты. Сонда білім алған балаларды тәрбиелей жүріп өлең жазуына көптен себепкер болған көрінеді.
Ташкент шаһарында жүріп қазақша өлең шумақтарын жазыпты. Алғашқы өлең топтамалары «Балауса» «Елкин» өзбек тілінде баслымға шығыпты. 1998 жылы тұңғыш өлең жинағы Жан сәуле деген атпен дүниеге келіпті.
Дәркен Дәнебайов жазушы Нұр Бибі Омар апамыздың өлеңдері мен жырларының айырмашылығы ерекшеленіп тұрады, өлеңдері мағаналы мазмұнды дейді.
2000 жыл елге оралған Нұр Бибі Омар апамыз «Сағыныш сағымдары», «Бақытсыздықтан бақыт тап», «жақсы жоқ деп айтпа», «ақындықты аруақ жолына айырбастаған қыз» атты кітаптары басылып шығып оқырмандарына жол тартыпты. Барша топтамаларын қосқанда тоғыз кітаптың авторы Нұр Бибі Омар апамыз бүгінде 60 қа толыпты.
Гүлмира ОҢЛАСБЕК