Павлония ағашы... күн райы ыстық оңтүстік облыс үшін таптырмайды. Саясы кең. Алты апта бойы гүлдеп тұрады. Қала ажарын ашары хақ. Шеберлер бұл ағаштан тіпті, музыкалық аспаптар да жасайды. Кәсіпкердің сонау Еуропадан тұқымын алдыртып, ауа райы қолайлы Сарыағаш топырағына жерсіндірудегі мақсаты сол - оңтүстікті элиталық ағаш көшеттерімен көмкергісі келеді.
Айта кетейік, бұл ағаштың биіктігі 20 дан 30 метрге дейін өседі. Әр үш жылда 8 рет кесіп алып, кәдеге жаратуға болады. Көктемде жапырақтары бүршік жармас бұрын шырағдан тәрізді гүлдейді. Бағбан кәсіпкер: «талдың күтімі жақсы болса, 100-180 жылға дейін өмір сүреді», - дейді.
Шымкентте күн ыстық. Көлік көп. Ауа лас. Сондықтан, көлеңкесі мол, бойы биік, оттегін көп бөлетін ағаштарды отырғызу қажет деп біледі дейді сарыағаштық кәсіпкер. Қазір тынымсыз еңбек иесі өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың «Шатқал» бағдарламасын қолдап, көшет санын көбейтіп отыр. Тағылымды ісін тіпті, ел кәдесіне жаратуға дайын.
ГҮЛЖАУХАР Ахметқызы