Облысымыздың барлық аймақтарынан жиналған 514 ерікті Төле би төрінде бас қосты. Сайысқа тыңғылықты дайындалған әр топ, өздерін таныстырып, жыл бойы жүргізген жұмыстарының есебін берді. Шәкірттерін бастап келген ұстаздар, ұлттық құндылықтарды ұлықтауды үздіксіз насихаттап жүргенін жеткізді.
НҰРИЛА ТҮЙЕЛИЕВА – МҰҒАЛІМ
- Біздің үйірмеде негізі ұлттық өнер, соның ішінен кілем тоқу өнерін үйретіп жатырмыз. Бұл бізге ұрпақ сабақтастығы, себебі ерте заманнан әжелерімізден, апаларымыздан, ата-бабаларымыздан келе жетқан өнеріміз. /
Үш кезеңнен тұратын слеттің I-кезеңі-жылдық жұмыстардың қорытындылауға арналды. II-кезең оқушылардың салтанатты шеруіне ұласты. III-кезеңде ұландар спорттық сайыста өзара мықтыны анықтады.
АЙНУР ШЕРІМБЕТ – ОҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
- «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі мақсаты рухани — адамгершілік және азаматтық-патриоттың тәрбиеге бағытталған шараларды іске асыру, оқушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, оқушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру, оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Қоғамда оқушылармен байланысты болып жатқан келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған шара жоғары деңгейде өтті. Сайыс соңында үздіктер анықталып, алғыс хаттармен марапатталды.
АРАЙЛЫМ Байзахова