Мардан Сапарбаев институты - ұстаздардың инновациялық технологиялар бойынша біліктілігін жетілдіруді басты нысанаға алып отыр. Сондықтан да дәстүрлі сайыстарда іріктеу жүргізіп, бағыт-бағдар ұсыну тәлімгерлерге  қиын соқпайды. Өз кезегінде институт қабырғасында осы секілді ауқымды байқаулар 3 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Ал, «Стартап» инновациялық бағытымен өзгеше. Бұл жолы  жоғары оқу орындарынан 50-ге жуық жоба қатыстырылған. Арасынан үздік деп іріктелген  16-жоба енді сын сағатына түспек.

АҚМАРАЛ ДЕМЕУБАЕВА - М.САПАРБАЕВ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ

 Данил Василев институттың белсенді студенті.  Ізденімпаз жастың  ұсынған жобасы өндірісте қалдықсыз технологияны жүзеге асыруға бағытталған. Грек жаңғақ дәнінен май өндіріп, жаңаша әдіспен  өндіріске енгізу ұсынысы да төрешілердің таразысына түсті. Сайысқа түскен  «Максим-Маркетинг» командасы, жаңғақ майының пайдалы тұстарын зерделеп шыққан.

ГҮЛНҰР ЖАҢАБАЕВА – М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

 Жаңа технологияға сай жобалардың қатарында әсіресе туризм,  табиғижәне  техногенді шикізаттарға қатысты ұсыныстар  көп болды. Қатысушылардың барлығы ғылыми негізге сүйеніп, мақсатқа талпынуда.   «Даму»  кәсіпкерлікті дамыту қоры үздік шыққан жобаларға демеушілік жасап өндіріске енгізуге ықпал ететіндіктерін жетікізді.  

САБЫРЖАН ИСАКОВ – «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ НЕСИЕ БӨЛІМІНІҢ ӘКІМШІЛІГІ

 Тың ізденіс нәтижесіз емес.  Сайыс қорытындысы бойынша 1-ші орын туризм маманы Мардан Сапарбаев институтының студенті Данил Василевке бұйырды. 2-ші орынды Мирас пен М.Әуезов атындағы ОҚМУ  жастары бөлісті. 3-ші орын Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті мен политехникалық колледжінің жас кәсіпкерлеріне үлестірілді. Оларға академик Мардан Сапарбаев атындағы бағалы сыйлықтар табыс етілді.