Кентау қаласының тұрғыны Талғат Жақсылық бүгінгі ашық есік күніне асығып келген кәсіпкердің бірі. Ат әбзелдерін дайындайтын ол шағын тігін цехін өз қаржысына іске қосқан. Енді мемлекеттен бизнесін жандандыру үшін 6 пайыздық несие алсам дейді. Алайда, алты айдан бері сабылып жүргені осы.
Талғат Жақсылық – жеке кәсіпкер
-Ауылда қаншама қолынан өнер келетін балдар бар. Соларды жұмысқа алсақ дейміз. 10-12 адамға шама жетеді.Енді біз коммерциялық здание салдық үлкен қып. 20 млн ақша салдық. Енді сонны дамытуға жүргізуге Ырыс микронесиеге тапсырдық. Мен де келіншегім де оқып атамекеннен сертификат алдық. ИП ашып тастағанбыз. Қазір налогын босқа төлеп жатырмыз. Ашығын айтқанда.
Кәсіпкердің мәселесімен сала мамандары жақсы таныс.Дегенмен, алты пайыздық несиенің көлемі шектеулі болғандықтан барлығына жете бермейтінін айтты.
Олжас Қаржауов – Түркістан облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы
-Былтыр бізге 5000 кәсіпкер жүгінген. Оның 800-і өз қаржысын алды. Біз документтерін жинадық. Сөйтіп құзырлы кредит несие серіктестіктеріне жүгіндік. 600 адам өзінің кредитін алды.
Бүгінгі шара кәсіпкерлердің мәселесін шешуді көздейді. Осы мақсатта арнайы ашық есік күні әр айдың жиырмасыншы жұлдызында ұдайы ұйымдастырылады.
Ербол Тасжүреков – Түркістан облысы әкімінің орынбасары
-Түркістан облысы кәсіпкерлерінің көкейінде жүрген мәселелердің барлығын топтама жасап, біз өз кезегінде аудандық, екінші облыстық деңгейде шешуге тырысамыз. Егер жүйелі сұрақ болса, онда республикаға керек қағаздарды жолдап, бірге қарастырамыз.
Кәсіпкерлерге қаржыландыру секторының қызметкерлері мен салық органының мамандары да қызмет көрсететін болады. Ал, сыбайлас жемқорлыққа қатысты кәсіпкерлер тарапынан қандай да бір шағым түссе департаменттің арнайы жасағы дайын. Аптасына 7 күн 24 сағат қызметте.