Бүгінгі күнде облыс аумағында 3 мыңнан астам өсімдік түрі өседі. Оның ішінде 118-і қызыл кітапқа енген. Соның бірі көктем келсе даланы қызыл кілемге бөлейтін – қызғалдақ. Біздің өңірімізде бұл гүлдің бірнеше түрі гүлдейді.
Хамит Жорабеков – Түркістан облыстық орман шаруашылығының аумақтық инспекциясының бөлім басшысы.
Бүгінгі брифингттің мәселесі өңіріміздегі қызғалдақтарды қорғау болып отыр. Бірнеше қызғалдақтар өңірімізде өседі. Соның ішінде грейг және кауфман қызғалдақтары қызыл кітапқа енген. Қызғалдақты егерде жұлсаңыз тамыры солып қалады. Гүлдеп үлгермейді. Келесі жылға бірдана кем шығады.
Қазіргі таңда қызғалдақты қорғауға тиісті іс-шаралар көптеп қолға алынуда. Осы бастама барысында бірнеше заң бұзушылықтар да анықталған.
Атап айтсақ, Қазығұрт ауданында 3 дерек тіркелсе, Бәйдібек ауданында 2 дерек бой көрсеткен. Сонымен қатар 2 дерек Ордабасыда орын алса, 1 дерек Сайрам өңірінде анықталған. Бұл заң бұзушыларға осы күні «сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр»-дейді Нұрлан Тұманбаев.
Нұрлан Тұманбаев – Түркістан облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау тобының аға инспекторы
облысымызда қызғалдақтың ең көп өсетін орны Түлкібас ауданындағы Красный горка. Сол жерге патрулдік бағыттар енгізіп. Таңғы 8 және кеші 8-гедейін облыс әкімінің тапсырмасымен күзетудеміз. Әр ауданда табиғатты қорғау штаты бар. Сол табиғатты қорғау штаты қазір Қызылшоқыда тұр. Қашан гүлдеп уақыты біткенше.
Жиында қызғалдақты қорғау жайлы үгіт насихаттың аздығы да айтылды. Мектеп қабырғасымен жоғарғы оқу орындарындағы жастармен қорғау бағытында жұмыс жасаса, мамандар алдын алуға болатындығын алға тартты.
О.Қасымбеков