Түркістандағы білім ордалары да бұл маңызды күнді салтанатты түрде атап өтті. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн ұмытылмас мерекеге айналды. Ал жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар жаңа оқу жылына тың серпінмен, үлкен дайындықпен қадам басты.
№ 9 Некрасов атындағы жалпы орта мектепте. әнұран шырқалып, көк ту көтерілді. Жаңа оқу жылының алғашқы күнін ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар ерекше көңіл-күймен қарсы алды.Сахнада оқушылар ән шырқап, өлең оқыды, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әр сынып дайындаған өз өнерін паш етіп, мерекелік шараны нағыз білім мерекесіне айналдырды. Салтанатты жиынға қала әкімі арнайы келіп балаларға сәттілік тіледі.
Түркістанда 85 мектеп жұмыс істейді, онда 55 мыңнан астам оқушы білім алуда. Биыл 5 500-ден аса бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттады.Жаңа оқу жылына дайындық барысында 4 мектепке күрделі, 7 мектепке ағымдағы жөндеу жүргізіліп, барлығы 11 білім ұясы жаңартылған.
29 мамырда басталған жаңа мектеп құрылысы небәрі 85 күн ішінде аяқталып, 25 тамыз күні толық дайын күйінде тапсырылды. Құны 525 миллион теңгені құраған нысанға ғимараттың ішкі-сыртқы жұмыстары мен абаттандыру жұмыстары толық кірген.