30 тамыз – Конституция күні қарсаңында Сауран ауданында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған білім ұясы ұлт қайраткері Сұлтанбек Қожановтың есімімен аталады. Ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, ел тұрғындарын Білім күнімен және Ата заңның 30 жылдығымен құттықтады.


Сауран ауданында үш бірдей «Келешек мектебі» іске қосылуда. Оның бірі – осы 300 орындық жаңа білім ошағы.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазіргі таңда мына жобанаың аясында мына бізде өңірімізде 29 келешек мектептің құрылсы жүріп жатыр. Былтырғы жылы 13 мектепті іске қостық табылдырығын аштық .Биыл жылы 16 мектепті мына оқу жылына ашатын боламыз. Тек қана осы Сауран ауданының өзінде 3 жаңа мектеп құрылысы іске қосылып жатыр 


Жаңа мектептің ашылуына орай ата-аналар өздерінің қуаныштарын, шынайы лебіздерін білдіріп, пікірлерімен бөлісті.


Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы – ел болашағына салынған маңызды инвестиция. Биылдың өзінде өңірде 16 жаңа мектеп пайдалануға берілмек.