Мегаполистегі мақтаулы мектептердің бірі – үш тілде білім беретін, ерекше бағдарламасымен танымал Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы мамандандырылған гимназия. Білім ұясының ауласында алғашқы қоңырау соғылып, мектеп өмірінің жаңа парағы ашылды. Салтанатты жиынға мектеп ұжымы, оқушылар мен олардың ата-аналары, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн ерекше тебіреніс пен қуанышқа толы болды. Биылғы жылы 5-сыныпқа 111 оқушы қабылданып, олар үшін жаңа белес басталды. Ал 11-сыныпта 143 шәкірт білім алуда. Бұл түлектер үшін болашаққа бағдар жасап, маңызды шешімдер қабылдайтын жауапты кезең. Мектеп оқушыларының халықаралық, республикалық және қалалық деңгейдегі жетістіктері де жетерлік. Шығармашылық бағыттарда да мектеп оқушылары айтарлықтай табысқа қол жеткізуде.
ГҮЛЗИНА ЕРСЕЙІТОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қымбатты оқушылар жаңа оқу жылы сіздер үшін біліммен жаңа жеттістіктердің бастауы болсын. Әр күн біліммен ізденіспен өтісін. Жаңа белестерден қорықпай алға ұмтылыңдар.