Қала әкімі Тұран ауданындағы “№6 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына” барды. Жуырда ғана күрделі жөндеу жұмысы аяқталған мекемеде 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі және психоневрологиялық сырқаты бар балаларға арнаулы көмек көрсетіледі.
Бүгінде мұнда 140 бала стационарлық, 100 бала жартылай стационарлық жағдайда қызмет алып отыр. Мердігер ұйымға анықталған кемшіліктерді жоюды, ал орталық басшылығына аумақты көгалдандыруды тапсырды. Әрі қарай «Елтай» тұрғын алабында салынып жатқан сервистік орталықтың құрылысымен танысты. Мұнда халыққа шұғыл көмек көрсету үшін жедел жәрдем, полиция және қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне арнайы орын қарастырылған. Мердігерге жұмыстың сапасы мен мерзімін қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ нысанды уақытында пайдалануға беру тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруі үшін аса маңызды екенін атап өтті.Аралау соңында «Еламан» шағынауданындағы Амур аға және Көкжелек көшелерінде жүріп жатқан жол құрылысының барысын тексерді. Жобаның жүзеге асуы аудандағы көлік инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындарға ыңғайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді.