Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы ХДУ 25-ші жаңа оқу жылын қарсы алды. Білім ордасы ширек ғасырлық мерейтойға зор жетістіктермен жетіп отыр. Материалдық-техникалық базасы жаңарған, халықаралық стандартқа сай спорт кешені 3500-дей абитуриентке есігін айқара ашты. 1-курс студенттері үшін арнайы кеш ұйымдастырылып, оқу орнының мүмкіндіктері таныстырылды.


Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы ХДУ Шымкенттегі жекеменшік оқу ордаларының көш басында. Білім ұясы өткен жылы дене шынықтыру саласы бойынша үздік оқу орны деп танылған. Оған себеп студенттер мен ұстаздардан құралған топ уинверсиадада үздік нәтиже көрсеткен.


 РАБИҒА ҚУАТБЕКОВА, АКАДЕМИК ӘБДІМҰСА ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХДУ-НІҢ РЕКТОРЫ

Біздің жетістіктеріміз өте көп. Мынау бізді таңдайтын студенттердің көптігі де бізді қуантып отыр. Осындай жағдай жасалған оқу орнында тек білім алу керек деп білемін.


Осы оқу орнын таңдаған 3500 түлектің 60-ы мемлекеттік грант жеңіп алған. Дене шынықтыру мамандығына қабылданған абитуренттердің басым бөлігі спорт шебері. Мектепті Алтын және Қызыл аттестатқа бітірген оқушылар да Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы ХДУ таңдаған.


 АЖАР ҚАЙСАРҚЫЗЫ, СТУДЕНТ

 Мен бұл универге архитектура саласына түстім. Осы оқу орнын өзім таңдап, қалап, грантқа түсіп кеттім.


Оқу орны Халықаралық аккредитациядан өткен. Қазір осы универстиетте білім магистрлері мен PHD докторлардың саны басым. Ғылыми-техникдалық зертхана, заманауи кітапхана студенттер үшін жұмыс істеп тұр.