Жаз маусымы бітсе де ыстықтың беті қайтар емес. Биылғы аптап тіпті сексеуілдің өзін сарғайтып жіберген.Құмды көштен сақтайтын өскінді өрттен сақтау өзекті болып тұр.Отырарлық қорықшылар тілсіз жаудың алдын алу және орманды қорғау шараларын қарқынды жүргізіп жатыр.Табиғат сақшылары қызылдың құмына барып демалушыларға сақтық шараларын барынша күшейтуге шақырып отыр.


Әбдіжәли Сейтжанның орман саласындағы еңбек өтілі 25 жылға жуықтайды.Ширек ғасыр бойы сыр бойы мен қызылдың құмын қорып келеді. Негізі Шәуілдір орман шаруашылығына қарасты 350 мың гектардан астам жер бар. Оның барлығы құмды алқап. Қорықшылар жыл онекі ай сол маңды қырағы бақылап, қауіпсіздік шараларын жүргізіп отырады.Биыл шілде түспей басталған аптапты ыстық пен тоқтаусыз соққан жел құмды алқаптағы шөптерді сарғайтып жіберген.Құрғақшылық тағы бар.


Қорықшылар ысылдаған құмдағы мый қайнатар аптапты ыстыққа қарамай орман қоры жерлерін аралап, аң-құстың өсуі мен сексеуілді кесуден сақтайды. Құм ішін жайлай қоныстанған қойшылар ауылын аралап, мал іздеген жоқшылар мен демалушыларға өрттің алдын-алу шараларын ескертеді.Қызылдың құмының ішінде арнайы өрт бекеттін жасақтап, рациямен жабдықтаған. Бекеттегі тіркемелі траукторлар өрт сөндіру көлігіне қарағанда құмда жүруге ыңғайлы, әрі суды тез тартады, дейді мамандар.


Өздігінен өсуі азайып кеткен сексеуіл алқаптарын көбейту мақсатында да жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді. Ерте көктемде арнайы тұқымбақта әзірленген сексеуілді көшеттеп әрі дәннен сеппе түрінде өсіріп жатыр. Табиғат сақшылары оларды қорғау мен жаз маусымындағы өрттің алдын –алу шараларын да қарқынды жүргізіп жатыр.Сол қырағылықтың арқасы болса керек қызылдың құмында қызыл кітапқа енген аң-құс еркін самғап жүр.