Конституция – елдіктің белгісі. Мемлекет және қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев осындай пікірде. Айтуынша, Ата Заң еліміздің қауіпсіздік саласын бекемдеп, тәуелсіздікті нығайтуға жол ашты. Жасы 80-нен асса да әлі күнге дейін аса маңызды саяси маңызы бар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген елдің құрметті азаматымен арна тілшілері де сұхбаттасып қайтты.


Тәуелсіздік алған жылдардан бастап оны нығайту үшін алдымен шекарамызды шегендеп, конституциямызды бекемдеп алу керек болды, - дейді қоғам қайраткері. Ол мемлекеттік маңызы бар жауапты істердің бел ортасында жүріп, ата заңға енгізілген жаңа нормаларды қолдады.


ОРЫНБАЙ РАХМАНБЕРДИЕВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

 30 жыл болды қазір. 30 жылда көп өзгерістер болды. Барлығын жаңа конституция деп айтуға болмайды. Кейбір мәселелерді, баптарды өзгертіп, қосып, алып, әсіресе 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін көптеген өзгерістер болды.


Ал Конституция 1995 жылы жарияланғанымен, кейіннен ата заң мен бұйрықтарға сәйкес ережелер де қайта жасалып, жетілдіріліп отырды.


ОРЫНБАЙ РАХМАНБЕРДИЕВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

 Конституцияда жай адамның баласын қорғауда. Еңбек етіп жатқан жағдайда оның жұмысын бағалауда.Елімді, халқымды осы конституцияның 30 жылдығымен құттықтап ,отбасыларының амандығын, дендерінің саулығын, бала-шаға мен ұрпағының көбеюін, Қазақстанды үлкен деңгейлі мемлекет болуына әрекет жасап, соған жұмыс істеуге шақырамын, айналайындар.


 Ата заң сөзсіз шекарамыздың тұтастығы мен халқымыздың береке-бірлігін күшейтті. Енді елдегі бар байлыққа аса ыждағаттылықпен қарау керегін айтады.