Дамимын десең, құқығыңды біл! Бірақ, бұл көпшілік орында келеңсіз жағдайлармен бетпе-бет келіп, құқығымды қорғап жатырмын деп ұрыс-керіске жол беру деген сөз емес. Керісінше, азаматтық құқығын білген адам мәселенің барлығын сауатты шешуге ұмтылуы керек дейді мамандар.
Ата заң - шекарамыздың тұтастығы мен халқымыздың береке-бірлігін күшейтіп келеді. Алайда, құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмесе керек. Ол әр азаматтың өз құқығын біліп, қорғай алатын деңгеймен өлшенеді дейді мамандар.
ҒАЛЫМЖАН БИТҰРСЫН, Ж.ТӘШЕНОВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ
Мен конст.құқығымды білемін деп ұрыс керіске бару болмаса талап етуге бару дұрыс емес! Оның мәнін түсінбей жатады. Конституция бекітілетін кезде рефыерендумда дауыс беруге асығу керек. Кемі 2 ай әлеуметтік желіге салынады. Қазір әлеуметік желід барлығы қолжетімді. Сондықтан, көру керек, конституция өз болашағын айқындайды.
Конституцияға сәйкес, әрбір адамның құқығы заңмен қорғалады. Ал, осы отыз жылда Ата заңға 6 рет түзету енгізілген. Бірақ ең басты конституциялық өзгеріс осыдан үш жыл бұрын жасалды. Маңызды құжаттың мазмұны толыға түсті. Соның нәтижесінде еліміздің саяси-құқықтық жүйесі түбегейлі жаңа сипатқа ие болды.
СӘКЕН МӘЖІМБЕКОВ, САЯСАТТАНУШЫ
Елді биіктетіп, алға жетелейтін нәрсе ол негізгі заң- ата заң! Ата заңымыздың қабылдануының арқасында біз өзімізді келешектегі мықты елдердің қатарына қосылу үшін сара жолға түстік десек болады.
Ал, құқықтық тәрбие негізі отбасынан басталса керек. Себебі, жастайынан өз құқығын біліп өскен ұрпақ, оны құрметтеп, жауапкершілікті сезінуге әкелетін көрінеді.