Білім күні қарсаңында қалада соңғы үлгідегі тағы бір жайлы мектептің тұсауы кесілді. Инновацияға негізделген оқу нысанының сыйымдылығы 550 оқушыны қамтиды. Саннан сапаға жұмыс істейтін №3 Талант мектебінің салтанатты ашылу рәсімінде болып қайтқан әріптесімізді тыңдайық...


 Озық технологиямен жабдықталған заманауи оқу ордасын биыл 300-ге тарта оқушы таңдап келген. Жаратылыстану бағыты бойынша 2 ауысымда сапалы білім беретін мектепте болашақ ғалымдар мен кіл мықтылар түлеп ұшпақ. Мұнда 35 орындық оқу залы мен 250 орындық асхана және 250 баланы қамитын акт залы, бұған қоса демалатын орындар да қарастырылыпты.


МИРА БАЛТАБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ №3 ТАЛАНТ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Ең бірінші мәселе, бұл жерде болашағымыз бала болғаннан кейін сол балалардың болашағын 1 сыныптан бастап білім мен тәрбиені қатар ұстап ары қарай сол тәрбиені дамытып кету. Яғни, жауапкершілігі, білікті ұстаздар сол балаларға өз білімі мен біліктілігін көрсету. Және тегін тасымалдау қызметі қарастырылған. 


Мектепте түрлі үйірмелер мен шығармашылық секциялар жұмыс істейді. Қатарында сұраныстағы роботатехникадан бастап, сурет салу студиялары, хореография, футбол сынды спорттық ойын түрлеріне балалар тегін қатыса алады. Мұның бәрі бүлдіршіндердің шығармашылық қабілетін дамыту мен қатар бос уақыттарын тиімді өткізіп, жайлы ортада дамуына септігін тигізбек. Тіпті алғаш қадам басқан оқушылар да өздерін бұл мектепте еркін ұстайтындарын жеткізді.


АМИНА ШЫНБОСЫН, ОҚУШЫ

Атанып бүгін оқушы, Көңілге толды қуаныш. Үлгілі болып жақсы оқып, естісем деймін көп алғыс! 


Жайлы мектепте әр оқушының қабілетіне сай қолдау көрсетіледі.Бүлдіршіндерге үш тілді еркін меңгертіп, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасайды. Балалардың қауіпсіздігі де басты назарға алынған. Әр кабинет пен мектептің ауласына дейін видеобақылау камераларымен жабдықталған.