Жаңа оқу жылының басталуымен еліміздің түкпір-түкпірінде алғашқы қоңырау салтанаты өтіп жатыр. Солардың бірі – заманауи білім ордасы Seitzhan School. Заманауи үлгідегі жекеменшік мектептің ауласында биыл үшінші рет алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылының басталуына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар қауымы жиналып отыр. Бұл білім ордасы аз ғана уақыт ішінде өзінің сапалы білім беру жүйесімен, жаңа форматтағы оқыту тәсілдерімен ерекшеленіп үлгерді. Биыл тағы да жүздеген бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, білім әлеміне қадам баспақ.
Салтанатты шараның ең әсерлі сәті – ұстаздарға баспана сыйлау рәсімі болды. Бұл күні білім ұясының үш бірдей ұстазына мектеп құрылтайшыларының атынан пәтір кілті табысталды. Баспаналар Шымкенттегі іргелі тұрғынүй кешені – OKS GRUP-тан үлестірілді. Пәтер кілтін алып марқауған ұстаздар бұл құрмет алдағы еңбегімізге жігер деп отыр.
ЖАНАР ҚАРАҚҰЛОВА, SEITZHAN SCHOOL МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Мектеп құрылтайшысына, мектеп директорына өз алғысымды білдіремін.... жақсы жұмыс істеуге жігерлендіреді. Әріптестеріме жаңа пәтерлері құтты болсын. Смырты малға, іші жанға тола берсін.
Мектепке алғашында 600-ге жуық бала қабылданған, ал жаңа оқу жылында бұл көрсеткіш артып отыр. Білім алушылардың халықаралық аренадағы табыстары да мол. 102 оқушы халықаралық жарыстарға, 736 оқушы республикалық, ал 70-тен астам оқушы қалалық деңгейдегі марапаттарға ие болған. Әртүрлі шығармашылық бағыттарда оқушылардың жетістіктері де айқын — 300-ден астам бала өнер мен мәдениет саласында асықтары алшысынан түскен.
ӘЛІМЖАН ҚҰРТАЕВ, SEITZHAN SCHOOL МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша..... Ата-аналардың жетістіктері
Бекзат Жұмабаев – көп балалы әке. Балаларын осы мектепке бергеніне 3-жыл. Биыл кенжесін 1-сыныпқа әкеліп отыр. Ата-аналар балаға мектеп таңдауда қателеспеуі керек,-дейді ол. Ал Seitzhan School мектебі заманауи білім мен терең тәрбиені ұштастыра отырып баланы рухани жігерлендіреді.
Seitzhan School — инновациялық оқыту, жоғары деңгейлі білім, спорт пен шығармашылықтың үйлесімі, оқушылардың халықаралық табыстары арқасында білім саласында өзіндік орны бар мектеп. Ал бүгінгі алғашқы қоңырау — осы үлкен отбасы үшінші мәрте жаңа оқу жылына асқақтай қадам басатынының көрінісі.