Түркістан облысында тұрғындар үшін жеке қабылдаулар жалғасуда. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, облыс әкімі Нұралхан Көшеров азаматтардың талап-тілектерін тыңдады. Қабылдауға Түркістан, Кентау қалалары мен бірнеше аудан тұрғындары келіп, түрлі әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді көтерді.


Кездесуде тұрғындар коммуналдық ахуалдар, заңсыз құрылыстар, жұмыс пен кәсіпкерлікке қатысты түйткілдер, сондай-ақ білім мен экология салаларындағы мәселелерді көтерді. Барлық өтініштер жеке қаралып, жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Аймақ басшысы барлық проблемалардың заң аясында шешілетінін атап өтіп, өңірдің өркендеуінде халық пікірлерінің айрықша маңызды екенін жеткізді.