Алғашқы қоңырау. Күміс қоңырау сыңғыры әр баланың есінде мәңгі сақталатын үн. Биыл мегаполисте 1-сыныпқа 27 546 бала қабылдау жоспарланған. Сәуір айының 1-нен бастап осы күнге дейін 27 182 жуық бала мектепке қабылданды. Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі шаһарда «Келешек мектептері» жобасы аясында бой тіктеген жайлы білім нысандарының пайдалануға берілуі. Солардың бірі «№151 жалпы орта білім беретін мектебі. Жаңа мектептің алғашқы қоңырау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы барып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушыларды құттықтады.
Заманауы білім ұясы Қаратау ауданы, Таскен тұрғын алабында орналасқан. Есігін енді ашқан мектеп қазірдің өзінде 700 ге жуық оқушыны қабылдап отыр. Салтанатты шарада сөз алған қала әкімі жаңа мектептерге қолдау болатынын сөз етті.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Осы кішкентайларды тәрбиелеп, оқытып, ары қарай үлкен азамат болып кетуіне сіздердің үлкен септіктеріңіз бар. Одан кейін мүғалімдер бар. Қазір 11 классқа толықтай қабылданбапты. Мұндай мектептерге гранттар бөлуді қолға алдық.
Нысан титік үлгіде салынған. Мектеп 1500 орындық. Ғимараттың ауданы 14 613 м2. Жылу жүйесі автономды. 375 орынға арналған асхана, кітапхана, шеберхана қарастырылған. Білім ошағында 60 сынып бөлмесі бар. Оқушылырдың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған.
НҰРЛАН МЫРЗАТАЕВ, №151 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.
Бұл мектептің ерекшелігі де Шымкент қаласы бойынша 12 ші Келешек мектептері. Бұл мектептердің басқа мектептерден айырмашылығы осы елдімекеннің азаматтарын яғни жасөспірімдерді сапалы біліммен қамтамасыз етуді қолға алады. Әсіресе қосымша біліммен қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады деп ойлаймын.
Білім ошағы соңғы үлгідегі жиһаздармен, интерактивті тақталармен, STEM-зертханалармен, ІТ-кабинеттермен және қауіпсіздік жүйелерімен толық жабдықталған. Сондай-ақ инклюзивті білім беру талаптары да ескеріліп, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған бейімделген сыныптар мен қолайлы орта қарастырылған. Жаңа мектеппен танысқан балалар да ата аналарда дән риза.
ДӘУЛЕТ АЛИАСҚАР, АТА-АНА
Осы ғимаратқа өзімнің 4 перзентімді беріп жатырмын. Бүгін бірінші сыныпқа ең кенже баламды алып келіп отырмын. Бәріміз қуаныштымыз. Мектептің жағдайы өте керемет. Бірінші қыркүйек білім күні құтты болсын.
АҚАРЫС НҰРМАХАНБЕТ, ОҚУШЫ
Білім күні мерекесі құтты болсын. Бірінші сыныпқа баратын оқушылар білімді болыңыздар.
Таскендіктер бұрын балаларын қаладағы мектептерге тасуға мәжбүр болып келген. Енді тұрғын алаптың қақ төрінен жаңа жайлы мектеп пайдалануға беріліп отыр. Өтініштері орындалып, балаларының білім алуына жағдай жасалғанына қуанышты.