Қазақстанда әскерге шақыру тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енді 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап SMS-хабарламалар дәстүрлі шақыру қағазымен теңестіріледі.
Әскери қызметке шақырылуы мүмкін азамат SMS-ті шақыру күніне 3 күн қалғанда алады. Хабарламада азаматтың әскери комиссариатқа келуі, медициналық тексеруден өту қажеттігі көрсетіледі. Кейін шақыру комиссиясы шешім қабылдайды. Хабарлама eGov порталындағы жеке кабинетке де түседі. Министрліктің мәліметінше, SMS барлық тіркелген нөмірлерге жіберіледі. Бұл шақыруды өткізіп алмауға мүмкіндік береді.Бұл жағдайда шақыру қағазы бұрынғыдай қолхатпен жеке табысталады немесе тіркеу мекенжайына, уақытша тұратын жеріне не жұмыс орнына пошта арқылы жеткізіледі.Электронды шақыру енгізілгенімен, қағаз нұсқасы да қатар қолданылады. Айта кетейік, биыл күзгі әскерге шақыру 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұрын ол 1 қазанда басталатын.