Психикалық денсаулық қызметін дамыту – бүгінгі күннің басты мәселесі. Өйткені, қоғам жүйке жүйесі бұзылған науқастарға өзгеше көзқарас қалыптастырған. Мамандардың айтуынша, бұл қамал бұзылатын болса, науқастардың емделуі де оңай өтпек. Сондықтан, бұқара арасындағы медициналық мәдениетті дамытудың да орны ерек. Семинар кеңесте осы мәселелер ашық айтылды. Сондай-ақ, науқастарды емдеу барысында сырт тараптан жасалған әрбір ұсақ-түйек әрекет те маңызды рөл атқарады. Жергілікті дәрігерлерге осы мәселелер жіті түсіндірілді. 

 Николай Негай – Психикалық денсаулық орталығының бас директоры

Шымкент қаласында жиналу себебіміз осындағы жергілікті дәрігерлермен бүгінгі күннің өзекті мәселесі – жүйке жүйесінде ауытқушылығы бар науқастардың жай-күйі. Олар емделу барысынд ақоғамнан жырақтамау керек. Өйткені, қоғамның қолдауы олар үшін өте маңызды. Сондай-ақ шымкенттің әріптестермен білгенімізді бөлісіп, тәжірибе алмасуды да  жөн көрдік.

  Шымкент қаласындағы «Психикалық денсаулық орталығы» бір мезетте 475 науқасты қабылдай алады. Қазір орталықта емделушілердің 60%-ы ер азаматтар.  Ең маңыздысы 25-40 жас аралығында науқастар саны басым. Бас дәрігердің айтуынша, дәл еңбек жасындағы адамдардың жүйке жүйесі ауруларына шалдығуы жиі кездеседі.

Серік Мыңбаев –Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері

Бүгінгі семинардың нәтижесінеде біздің бірнегше мәселеміз шешіледі. Мысалы, ылғи кездесетін мәселе – дәрі-дәрмек жайы. Күнделікті заман тоқтап тұрған жоқ. Психикалық науқастарды емдеуге арналған неше түрлі дәрі-дәрмектер мен аппараттар шығып жатыр. Онымен танысып, қол жеткізу – біз үшін маңызды. 

Жиында алматылық дәрігерлер жергілікті әріптестерімен білгенін бөлісті. Науқасты емдеудегі маңызды алғышарттар айтылды. Емделушілердің туыстары семинарға қатысып, керекті кеңестер алды.

Д.Нахыпбек