Мардан Сапарбаев Институты талай жастың арманына қанат бітіріп, талай түлекке сәтті сапар силаған құтты мекен. Оқу ордасында білім алған шәкірттер теориямен бірге практиканы ұштастырып, терең білімге ие болады. Солардың бірқатары бүгін қолына диплом алып, үздік атанды.

Бибінұр Әскербек – Мардан Сапарбаев Институтын қызыл дипломға тәмамдап отыр. Мамандығы – бастауыш оқытудың педагогикасы. Жас түлектің арманы асқақ. Енді ол алған білімі негізінде мектепте ұстаздық етпек.

Бибінұр Әскербек – Мардан Сапарбаев Институтының түлегі

Бүгін мен үшін өте қуаныштымын. Мен осы бізге білім берген ұстаздарға алғысымды білдіргім келеді. Өйткені, олар бізге бар білімін берді.

Білім ордасында түлеп ұшқан шәкірттердің жұмыспен қамтылу деңгейі де көңіл көншітерлік. Өткен жылғы түлектердің 76 пайызы жұмысқа орналасса, биыл қолына диплом алғандардың  78 пайызы еңбекке тартылады деп күтілуде.

Ерлан Оңласынов   – Академик Мардан Сапарбаев атындағы Институтының ректоры

Оларды біз мынау практика кезінде білім алған жерлеріне шақырту алып жатқандар бар, солармен теңестіріп отырмыз. Есептеп келгенде біздің студенттер осцы білім алып жүріп, жұмысқа орналасып үлгереді. Бұл да үлкен жетістік деп білемін.

 Осылайша, бір күнде 1000-ға жуық жас түлек қолына диплом ұстап маман атанды. Енді олар елдің өркендеуі жолында еңбек етіп, аймақтың еңбек нарығындағы белсенділігін арттырмақ.

П.Биназарқызы