Шымкентте «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында тағылымды кездесу өтті. Жиында ұстаздар қауымына, медицина саласының қызметкерлеріне және белсенді жастарға отбасы құндылықтарын дәріптеу, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру және ұлттық тәрбиенің маңызы жөнінде кеңінен түсіндірілді.


Кездесудің негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, аналардың қоғамдағы беделі мен рөлін арттыру, сондай-ақ әйелдердің әлеуметтік белсенділігін қолдау. Сонымен қатар тұрғындарға өмірлік маңызы бар бағыттар бойынша пайдалы кеңестер мен тәжірибелік ақпарат беру көзделді.


ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, AMANAT ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгінгі кездесулер халықпен ашық пікір алмасуға, қоғамдағы өзекті мәселелерді бірге талқылауға мүмкіндік береді. Отбасы – мемлекеттің іргетасы. Ұлттың болашағы мен қоғамның беріктігі ең алдымен отбасындағы тәрбиеге байланысты.


Кездесу барысында қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырған тақырыптардың бірі – қаржылық сауаттылық мәселесі болды. Бұл бағытта баяндама жасаған Ақбота Турарова отбасылық бюджетті тиімді жоспарлау, несие жүктемесін дұрыс басқару, қаржылық тәуекелдердің алдын алу және қаражатты үнемдеудің қарапайым жолдары жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.


АҚБОТА ТҰРАРОВА, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚАРЖЫ САРАПШЫСЫ
Сондықтан отбасы құндылықтарын сақтау, аналардың мәртебесін арттыру және жастарға ұлттық тәрбие беру – баршамызға ортақ міндет. Осындай мазмұнды кездесулер қоғамдағы өзара түсіністік пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.


Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.