Қала әкімі Ө. Жәнібеков атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектепке салынып жатқан 325 орындық қосымша ғимараттың құрылыс барысымен танысты. Үш қабатты нысанда бастауыш сыныптар мен мектепалды даярлық кабинеттері, сондай-ақ жаратылыстану бағытындағы физика, химия және биология пәндеріне арналған арнайы кабинеттер қарастырылған.
Мұнда лингафон және STEM кабинеттері, спорт залы, кітапхана, 196 орынға арналған асхана, әкімшілік бөлмелер мен акт залы орналасады. Жобаны іске асыру мектеп инфрақұрылымына түсетін жүктемені азайтып, оқушылардың сапалы әрі қолайлы жағдайда білім алуына мүмкіндік береді. Одан кейін қала әкімі Еңбекші ауданына қарасты Ұлағат тұрғын алабындағы жол төсеу жұмыстарының барысын бақылап, Тіленшин көшесіндегі автокөлік өткелінің құрылысын тексерді. Бұл жобалар жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға және көлік қатынасын жақсартуға бағытталған. Қала әкімі жұмыстардың белгіленген мерзімде әрі техникалық талаптарға сай аяқталуына ерекше назар аударды. Сондай-ақ мердігер мекемелерге құрылыс сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз етуді тапсырды.