Қазақстанда қан компоненттерін цифрлық сәйкестендіруге арналған ScanQAN жүйесі іске қосылды. Жоба Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Республикалық қан орталығы базасында енгізілді.
Кодты сканерлеу арқылы медицина қызметкерлері зертханалық нәтижелер мен қажетті ақпаратқа жедел қол жеткізе алады. Сонымен қатар орталықта өндірістік процестерді бейнебақылау жүйесі енгізілді. Жоба қан компоненттерінің сапасын бақылауды күшейтіп, трансфузиялық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған.