Шымкентте Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтатын бірегей жоба іске қосылды. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің базасында «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында орталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа нысан екі ел арасындағы білім, ғылым және іскерлік байланысты жаңа деңгейге көтеруді көздейді.


Жаңадан құрылған орталық Northwest University of Political Science and Law және Оңтүстік арнайы экономикалық аймағымен тығыз кооперацияда жұмыс істейді. Мекеме бизнес ортаны сапалы қызметтермен қамтамасыз етуге маманданған.


 МАҚСАТ ЕЛІКБАЙ, М.ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ
Көптеген кәсіп орындар Шымкентке ресми түрде тіркелген,165 кәсіп қытай инвесторлары.


Мұнда академиялық білім берумен қатар, екі елдің кәсіпкерлеріне арналған аналитикалық және кеңес беру орталығы да жұмыс істейді.


 Айта кетейік, орталық қызметі аясында халықаралық форумдар, сарапшылық кездесулер және кадрларды бірлесіп даярлау бағдарламалары жүзеге асырылады. Бұл қадам университеттер мен бизнес құрылымдары арасындағы алтын көпірге айналып, студенттердің халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.