Облыстық әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 98 жоғары технологиялық отаға 469 млн теңге жұмсалған. Бүгінде медицина саласында жоғары технология арқылы жасалатын операциялар мен күрделі медициналық манипуляциялардың маңызы артып келеді.


 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен кардиохирургия, нейрохирургия, урология, травматология, онкология, жалпы хирургия және өзге де бағыттар бойынша ай сайын ондаған күрделі операция жасалады. Осындай жоғары технологиялық бір ота құны орта есеппен 4,7 млн теңгені құрайды. 2026 жылдың алғашқы төрт айындағы көрсеткіштерге сүйенсек, 21 кардиохирургиялық операция жасалып, оған 92,6 млн теңге төленген. Сондай-ақ 32 нейрохирургиялық ота орындалып, жалпы құны 198,9 млн теңгені құраған. Бұдан бөлек, 5 бүйрек трансплантациясына 1,5 млн теңге жұмсалған. Бір бауыр трансплантациясы жасалып, оған 8,9 млн теңге төленген. Облыс әкімдігінің мәліметінше, аталған медициналық қызметтердің барлығы МӘМС жүйесі аясында қаржыландырылған. Нәтижесінде сақтандырылған азаматтар үшін қымбат әрі күрделі операциялар қолжетімді болып отыр.