Елімізде еңбек қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған жаңа заң нормасы қабылданды. Енді қызметкерін міндетті медициналық скринингтен өткізбеген жұмыс беруші жауапкершілікке тартылады.


Скринингтен өту кезеңінде қызметкердің жалақысы толық сақталады. Жаңа заң жобасын Сенат мақұлдады. Құжатта қызметкерлердің құқығы кеңейтіліп, еңбек саласындағы ар-намыс пен қадір-қасиетті құрметтеу қағидаттары нақты бекітілген.