Қала әкімі прокуратура өкілдерімен жер қатынастары саласындағы заңдылықтың сақталуына арналған бірлескен жиынға қатысты. Бұл бағыт қаладағы тәртіпке, құрылыс сапасына және жер ресурстарын тиімді пайдалануға тікелей әсер ететіндіктен, тұрақты әрі жүйелі бақылауды талап етеді. Жиын барысында жер қатынастары саласындағы қазіргі ахуал жан-жақты қаралды.


 Атап айтқанда, жерді тиімді пайдалану, қала құрылысы талаптарының сақталуы және үдерістердің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды. Заңсыз құрылыс деректеріне де ерекше назар аударылды. Соңғы уақытта мұндай бірнеше жағдай анықталған. Қазір тиісті құқықтық шаралар жүргізілуде. Жиында жер саласындағы кез келген заңбұзушылыққа құқықтық тұрғыдан нақты баға берілуі тиіс екені айтылды. Әр жағдай заң аясында соңына дейін қаралып, жауапты тұлғалардың жауапкершілігі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар жауапты мекемелерге прокуратура органдарымен өзара үйлестіру жұмыстарын күшейту тапсырылды. Сондай-ақ құқықбұзушылықтарды анықтау жүйесіне цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын енгізудің маңыздылығына тоқталды. Бұл үдерістердің ашықтығын арттырып, адами факторды азайтуға әрі алдын алу бақылауын күшейтуге мүмкіндік береді. Қабылданып жатқан барлық шаралар Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып, жер қатынастары мен қала құрылысы саласында тәртіп орнатуға бағытталған. Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімдері мен басқарма басшыларына бақылауды күшейту, мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру және азаматтардың заңды құқықтарын қорғау бойынша нақты тапсырмалар берілді.