15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Бұл – қоғамның негізі саналатын отбасы институтының маңызын дәріптейтін ерекше күн.
Отбасы – адам өміріндегі алғашқы тәрбие мектебі, мейірім мен қамқорлықтың, сыйластық пен жауапкершіліктің бастауы. Ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды сақтау, ел болашағын қалыптастыру ең алдымен шаңырақтан басталады. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қолдауға, жастардың әл-ауқатын арттыруға және отбасылық тұрақтылықты күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастырып келеді. Себебі берекелі отбасы – тұрақты қоғам мен қуатты мемлекеттің кепілі.