Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Түркістанда бой көтерген жаңа мешітті аралап көрді. Құлшылық үйі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық пен рухани ынтымақтастықтың символы ретінде салынған.


 Мешіттің орталық залында Құран оқылды. Құлшылық үйі Өзбекстан Президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде бой көтерген. Ғимаратта дәстүрлі ислам нақыштары заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнектермен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнараларының биіктігі – 61 метр. Сондай-ақ мешіт жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Аумағында жарықтандыру жүйелері, демалыс орындары мен субұрқақтар қарастырылған.