Абай ауданында жол инфрақұрылымын дамыту және көшелерді жарықтандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде аудан аумағында жалпы 1274 көше бар. Олардың жалпы ұзындығы 1080 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда 1192 көше асфальтталып, оның ұзындығы 1031 шақырымға жетті. Бұл – жалпы көрсеткіштің 95,2 пайызы. Ал қалған 82 көше тас жол санатына жатады. Оның ұзындығы 48,2 шақырым немесе 4,8 пайыз.


Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы аудандағы барлық тас көшелерді толық асфальттау жоспарланған. Осы мақсатта өткен жылы 474 көшеге асфальт төселіп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қайта басталып, биыл асфальтталған көшелердің үлесін 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр.


Сонымен қатар, аудан көшелерін жарықтандыруға да ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылға дейін Абай ауданында небәрі 193 көше жарықтандырылып, бұл жалпы көшелер санының 15,1 пайызын ғана құраған.


Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы аудан аумағындағы барлық көшеге жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары қолға алынды. Нәтижесінде 1081 көше жарықтандырылып, көрсеткіш 100 пайызға жетті. Қазіргі уақытта жарық шамдарын күтіп ұстау және жүйелі қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде.