Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті қарсаңында баспасөз орталығы жұмыс істеп тұр Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитінің басталуына санаулы уақыт қалды.
Қазір баспасөз орталығында әлемнің түрлі елдерінен келген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жұмыс істеп жатыр. Мұнда 500-ге жуық журналист жиналған, оның 100-ден астамы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.