Заңсыз жолаушылар тасымалының алдын алу мақсатында Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, жергілікті полиция қызметі мен облыстық көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлері қатысты. Түркістанда қалааралық бағыттарды жаңа автовокзалға көшірсе де, соған қарамай, қалааралық көліктер ескі бекеттерден жүріп жатыр. Кезекті рейд кезінде ескі жүрісінен жаңылғысы келмеген жүргізушілерге айыппұл салынып, қатаң ескерту берілді.
Асан Жұмабаев - Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы
Біз күнделікті рейдтік шаралар өткізіп жатырмыз құзырлы органдармен бірге. Күнделікті өткізіп жатқанымызға 3 апта болды. 3 аптаның ішінде біз 120-дан астам әкімшілік хаттамалар толтырдық. Оның ішінде өте өрескел заң бұзушылықтар анықталып отыр. Жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушінің басқаруы. БЦ категориясы бар, Д санатты көлікті басқаруы, жол жүру парағы жоқ.
М.ӘСЕМБЕК