М. Әуезов атындағы ОҚМУ–де 28 мыңнан астам студент білім алады. Яғни, оқу бөлмелері студенттерімен толық. Ұстаздар дәріс беруде. Енді келесі аптадан бастап еліміздің бас ұстазы айтқандай, мұнда тірі жан қалмауы керек. Білім мен ғылымға бет бұрғандар қашықтықтан оқуы тиіс. Ал мұғалімдер болса, университет қабырғасында қалады.

Ордабай Сембиев - М. Әуезов атындағы ОҚМУ цифрландыру департаментінің директоры

Әрбір студженттің білім алуына басты назар аударамыз. Мұғалімдер толық жұмыс ітейді...

Бұл хабар әсіресе, оқуға өзге өңірден келгендерді қуантты. Дегенмен, сабаққа қатыспаймыз, деп қол қусырып отыруға негіз жоқ. Студенттерге қойылар талап: интернет қолжетімді болып, тапсырмалар уақытылы орындалуы керек. Студенттер үдеден шықпаса, оқудан да шығады.  

Еңлікхан Қозыбаев – М. Әуезов атындағы ОҚМУ инновациялық технологиялар институтының директоры

Елдегі коронвирусқөа қатысты шаралар бойынша біздегі жағдай өте жоғары. Өздеріңіз оған көз жеткізіп отырсыздар..

Баян Құдайбергенова білім ордасының бірінші курс студенті. Қашықтықтан оқу үшін қолданатын техниканың тілін жетік меңгерген. «Бұл істе аса қиын ешнәрсе жоқ»,- дейді бұрымды. Онлайн жүйеде білім алу үшін әр студенттің өзіндік жеке нөмірленген коды болады. Шәкірттердің ғаламтор желісі бойынша тіпті, ұстаздармен бейнебайланысқа шығуына да мүмкіндік бар.

Баян Құдайбергенова – студент

Университетке келмейтін болдық деп, қуанып отырған жоқпыз. Бұл бізді жауапкершіліктен құтқармайды. Үйде отырып, смартфонмен оқи береміз...

Қазір университетте 89 компьютер сыныбы мен өзге өңірлермен байланысатын 10 мультимедиялық кабинет жұмыс істеп тұр. Білім ордасының Өзбекстанда бір жарым мың, Ақтауда 500, ал, Қарағандыда 200 студенті бар.Олармен онлайн байланысқа шығып, тікелей тілдесуге, тапсырма беріп, сабақ сұрауға толық жағдай жасалған.Дәл қазір студенттер мен машистранттар шетелде академиялық ұтқұрлық және ғылыми іс тәжірибеден өтуі тіис еді. Әлемді жайлаған коронвирустан бұл іс кейінге шегеріліп отыр.  

Г. Қалмырзақызы