Елімізде жыныстық ауруларға шалдыққан жасөспірімдер қатары артып келеді. Кәмелет жасына толмаған балалар ауруын айтуға ұялып дертін дендетіп алады екен. Бұл өзекті мәселемен дер кезінде күресу керек дейді мамандар. Астанадан арнайы келген өкілдер қаладағы Жастар денсаулығын қолдау орталықтарын аралады.


Шымкентте Жастар денсаулығын қолдауға арналған 9 орталық бар. Солардың бірі Асар шағын ауданында орналасқан ДауМед клиникасындағы орталық. Былтыр ашылған бөлімге келуші жастар көп. Бірі ауруына ем іздесе бірі кеңес алуға келеді. Мерей Сапарәліде білікті дәрігерлерден кеңес алуға келген жастың бірі.


МЕРЕЙ САПАРӘЛІ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Дәулет поликлинакасына алты айдан астам болды тіркелген. Мұндағы дәрігерлерден кеңес алып тұрамын. Барлығы жақсы керемет.


ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Тоғжан Қожалы орталықты аралап жұмыс сапасын саралады. Мегаполис медецинасының жоғары деңгейде тұрғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар соңғы жылдары жастар арасында жұқпалы аурулардың артып жатқандығын жеткізді.


ТОҒЖАН ҚОЖАЛЫ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ

Қазір жастардың арасында әртүрлі жыныстық аурулар көбейіп бара жатыр және жас жүктілікте көп 15-16 жасар қыздар Сондықтан орталықтар қажет.


Бала жыныстағы құбылыстарды жақынына айтуға ұялады. Жұқпалы ауруды дендетіп алатыны да содан дейді дәрігерлер. Ал арнайы орталықтарға анонимді түрде жүгінуге де болады. Психолог дәрігерлер жүйелі кеңесін беріп терапевтер дұрыс емдеуге бағыт береді. Сондықтан мұндай орталықтардың бала денсаулығын жақсартуға оң ықпал етеді.