Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес соңғы үш жылда елімізде 1300-ге жуық мектеп реновацияланады. Шымкент қаласында ағымдағы жылы 9 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары, 1 білім нысанының жылыту жүйесін жаңарту және 1 балабақшаны жөндеу жоспарланған.
Бүгінде бірқатар әлеуметтік нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары толық атқарылды. Атап айтқанда: Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатның бірнеше оқу ғимаратты, Ө. Жолдасбеков атындағы № 9 IT лицейі ғимараты, Ақпан батыр атындағы» №10 жалпы орта мектеп, Мукими атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеп, Ө. Жәнібеков атындағы №19 жалпы білім беретін орта мектеп жылу жүйесі, Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназия ғимараты, № 75 мектеп-гимназия ғимараты, № 99 мектеп-гимназия, Хамза атындағы №108 жалпы білім беретін орта мектеп, № 109 жалпы білім беретін орта мектеп пен №97 балабақша ғимараты. Білім ұялары заманауи талаптарға сай күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылды. Ғимараттардың қауіпсіздігі күшейтіліп, тартымдылығы арта түсті.