Биыл «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылғанына 30 жыл толды. Олар 1995 жылдан бері еліміздің әуе кеңістігіне қауіпсіз және сапалы аэронавигациялық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Арна тілшісі Шымкент қаласындағы «Оңтүстік Қазақстан әуе қозғалысын ұйымдастыру орталығы» филиалында болып, кәсіпорынның жұмысымен танысып қайтты.
Бақберген Әбенов өзін аспандағы полиция қызметкерімен деп әзілдейді. Ол Шымкент халықаралық әуежайында нұсқаушы-диспетчер. Жолаққа қонатын және ұшатын ұшақтарды бағыттап, әуе қозғалысын реттеп отырады. Әуежайда күніне 80-ге жуық рейстер орындалады. Алматы және Рига қаласында мамандық бойынша білім алған. Бұл қызметте 2019 жылдан бері жұмыс істейді.
БАҚБЕРГЕН ӘБЕНОВ, «ҚАЗАЭРОНАВИГАЦИЯ» РМК «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӘҚҰ ӨО» ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИСПЕТЧЕР-НҰСҚАУШЫСЫ
Менің бұл жердегі қызметім әуе қозғалысын реттеу және басқару. Ұшақтарды бағыттау, Және олардың қауіпсіздігіне жауап беру. Қандай әуе компаниясы, қандай бағытта кетіп бара жатыр. Олардың қайда бара жатқаны, қандай биіктікте екенін және олардың жылдамдығын біліп отыра аламыз. Осы арқылы біз әуе қозғалысын реттейміз. Қарапайым тілде айтқанда біз аспандағы полициямыз деп айтсақ қате емес. Диспетчердің жұмысы стрессовый дейді ғой, өте жауапты мамандық. Бізге қателесуге болмайды. Диспетчер арқашанда миы тынық, барлық жағдайда бүкіл жағдай өз қадағалуында ұстап отыруы қажет.
ОЛЖАС АСЫЛХАН, ТІЛШІ
Қазір біз диспетчерлік мұнарасындамыз. Мұнда нұсқаушы-диспетчерлер әуе кеңістігін бақылайды. Бұл жұмыстың ерекше бір тұсы, мұнда қызметкерлер әр 2 сағат сайын ауысып отырады. Ал бір ауысым 12 сағатқа созылады. Ауысым алдында міндетті мед.тексеруден өтуі тиіс.
ОЛЖАС АСЫЛХАН, ТІЛШІ
Бұл мұнараның сыртқы көрінісі. Ғимарат әуежайдағы ең маңызды нысандардың бірі. Оның биіктігі 18 метрді құрайды. 2027 жылдың соңына дейін жаңа мұнара салу жоспарланған. Оның биіктігі 40 метрге жетеді.
«Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрамына 4 өңірлік орталық кіреді. 15 филиал, 12 алыс жердегі позиция, кәсіби дайындау орталығы және медициналық орталық бар. 2,8 млн ш.км әуе кеңістігін бақылайды. Жылына 400 мыңнан астам ұшуға қызмет көрсетеді.
БЕКЖАН ЕСІМОВ, «ҚАЗАЭРОНАВИГАЦИЯ» РМК «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӘҚҰ ӨО» ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Әлемдегі үлкен әуе айлақтарында халықаралық талаптарға сай әуе жолдары мен дәліздерін құрып, халықаралық және ішкі рейстердің қауіпсіздігін және үздіксіздігін қаматасыз етіп отырған біздің қызметкерлер. «Қазаэронавигация» мемлекеттік кәсіпорнымыз өзінің техникалық базасын үнемі жаңартуда. Жаңа мамандар, шетелде оқыған мамандарды қызметке қосып Қазақстанның дамуына өз үлесін қосып келеді.
Шымкент әуежайының ұшу жолағының ұзындығы 3300 м құрайды. Ескі жолаққа жапсарлас жаңа ұшу жолағын салу жоспарланып отыр. Құрылысы 2027 жылдың соңында аяқталуы тиіс. Оның ұзындығы 3500 м болады.