Қазақстанда көпбалалы отбасыларға қатысты мемлекеттік қолдауда өзгерістер енгізілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова тұрмысы жоғары көпбалалы отбасылар үшін қосымша мемлекеттік көмектің тоқтатылатынын мәлімдеді.
Қазақстанда көпбалалы отбасыларға арналған әлеуметтік қолдау жүйесі қайта қаралды. Министрліктің мәлімдеуінше, отбасы мүшелерінің жан басына шаққандағы табысы 200 мың теңгеден асып, бірнеше көлік пен жылжымайтын мүлікке ие болған жағдайда, мұндай отбасылар әл-ауқаты жоғары саналады.Бұл өзгерістерден кейін олар бір реттік төлемдерден қағылады. Яғни, 8 наурыздағы сыйлықтар мен жаңа оқу жылына арналған мектепке дайындық көмегі енді берілмейді деп отыр .Бұл ретте ведомство негізгі әлеуметтік төлемдердің сақталатынын атап өтті. Мысалы, көпбалалы ана мәртебесі үшін ай сайынғы жәрдемақы бұрынғыдай жалғасады. Он баласы бар отбасы ай сайын 120 мың теңгеден астам қаржылай көмек ала береді.