Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Тұран» шағынауданындағы Дастан, Шырайлы, Өсиет, Қыран және Байжігітов көшелерінде жүргізіліп жатқан жол жұмыстарын текскерді. Сондай-ақ, «Бозарық» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын көрді. Мердігер ұйым өкілдеріне жұмысты белгіленген мерзімде сапалы және құрылыс нормаларына сай аяқтау маңызды екенін атап өтті.
Әл-Фараби ауданында №2 жеңіл атлетика мен велосипед спортынан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне тиесілі көпфункционалды ашық алаңның құрылысын қарап шықты. Жаңа спорт кешені спортшыларға жүгіру, ұзындыққа секіру, найза, балта және диск лақтыру, ядро серпу сияқты жаттығулармен айналысуға және велоспорт бойынша жаттығулар өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Жангелдин көшесінің ағымдағы жағдайын, бірқатар кәсіпкерлік нысандарды және Жангелдин мен Быковский көшелеріндегі жаңа қоғамдық кеңістік салуға арналған аумақты тексерді. Жауапты тұлғаларға сауда орындарын заң талаптарына сәйкестендіру, қасбетін бірыңғай дизайн-кодқа сай келтіру және тұрғындарға қолайлы нысандардың жобасын дайындау міндетін қойды. Бұдан бөлек Бекет Батыр көшесіндегі аллея бойында асфальт жамылғысын ауыстыру барысын да тексерді. Мердігерге барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды, ал аудан әкіміне жарықтандыруды реттеу, қосымша қоқыс жәшіктерін орнату және Диваев көшесіндегі қоғамдық кеңістіктегі балалар ойын жабдықтарын қалпына келтіруді тапсырды.