Шымкент қаласында жұмыссыз тұрғындарды жұмыс берушілермен байланыстыру үшін апта сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді. Мамандар бұл жолы Еңбекші ауданына атбасын бұрды. Базарқақпа тұрғындарына бос жұмыс орындары таныстырылды.
Гүлсім Сағатова Базарқақпаның тұрғыны. Ол жоғары оқу орнын педагогика мамандығы бойында бітіріп, тұрмыс құрған. 6 жылда төрт баланың анасы атаныпты. Енді жұмыс істеуге ниет етіп мұғалімдерге арналған арнайы тестілеуден өткен. Жұмыс өтілі болмасада алысқа сандалмай елдімекенге арнайы келген жұмыс берушілерден тиімді ұсыныс алды.
ГҮЛСІМ САҒАТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Әлеуметтік желіде көрдік осы мәдениет үйінде бос жұмыс орындары жәйлі жиын болады деп. Сол хабарды естіген соң келіп едік. Өзімнің мамандығым бойынша жұмыс іздедім. Өзімнің дипломыма сай жұмыс іздеп таптым.
Жәрмеңкеге 20-ға жуық жұмыс беруші шақырылған. Жұмыс берушілер 100-ге жуық тұрақты бос орын ұсынды. Ұсынылған бос орындардың басым бөлігі Базарқақпа тұрғын алабына жақын маңда орналасқан индустриалды аймақтардан берілді.
НАҒИМА ДОСАНОВА, ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ БОЙЫНША МАНСАП ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А .
Индустиалды аймақ Жұлдыз аймақсатырнда ашылып жатқан жұмыс орындарын осы тұрғындарға ұсынып отырмыз. Осыған атсалысып отырған 19 компания түгел келіп отыр.
Жұмыс берушілер ұсынған орындардың айлық жалақысы 120-370 мың теңге аралығында болды. Кейбір мекемелерде жеткізу қызметі мен түскі ас қарастырылған. Мұнан бөлек, Еңбекші ауданы мансап орталығының қызметкерлері тұрғындарға жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы, Enbek.kz порталы және солтүстік өңірге ерікті қоныс аудару бойынша кеңес берді. Жәрмеңкеге қатысқан Базарқақпа тұрғын алабының 50-ге жуық тұрғыны жұмыс берушілерден кеңес алып, нәтижесінде 10 тұрғын тұрақты жұмысқа, 5 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды.