Шымкентте тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арба теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды. 3 күнге созылатын додаға 9 өңірден келген 52 спортшы қатысады. Чемпионатта үздік ойын көрсеткен спортшылар іріктеліп, Ұлттық Құрама сапына енбек.


Қарағандылық Айшуақ Жетпісова кәсіби тенниске 3 жыл бұрын келіпті. Биыл чемпионатта 4-ші рет бақ сынамақ.Аптасына 5 күнін дайындыққа арнайтын ол бүгінде әлемдік ареналарда ел намысын қорғап, қазақ елінің абыройын асқақтатып жүрген жайы бар.


 АЙШУАҚ ЖЕТПІСОВА, ҚАТЫСУШЫ

Биыл үлкен дайындықпен келдік. Қатарымыз көбеюде. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін! Шымкент жылы қарсы алды. 


Ұйымдастырушылардың айтуынша, Чемпионат арба теннисшілері арасындағы халықаралық жарыстарды тұрақты өткізуді көздейді. Сондай-ақ, Лос-Анжелесте өтетеін Паралимпиада ойындарына қатысатын спортшыларды іріктеп алу.


МЕДЕТ БАЙКЕН, ҚР ТЕННИС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

Бұл жерде жаңадан қатысып, өз өңірлерінен іріктеліп ,чемпионатқа келіп жатқандар бар. Осы спорт түрімен жүйелі түрде айналысатындар бар.Сонықтан бір-біріне серпін беріп, үлкен тәжірибе алаңы болады деген үміттемін . 


Иә, бұл жарыс бұрынғыдан өзгерек. Биыл төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған дода бұған дейін де елдегі ірі қалаларда өткізіліп келіпті. Бұл жолы жасөспірімдер де қатарға қосылған. Қазірдің өзінде құрама мүшелері Әлемдік рейтингтің топ жүздігіне еніп отыр.