Елімізде апатты мектептердің саны 2 есе азайды, ал оқушы орындарының тапшылығы 4 есе қысқарды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.


Қазір республикада 3000 мектеп бір ауысымда, 5000-нан астам мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. Жыл соңына дейін 140 мың орынға арналған тағы 111 мектептің құрылысы аяқталады. 2025–2026 оқу жылында елімізде жалпы сыйымдылығы 267 мың оқушыға арналған 232 жаңа мектеп салынады. Сонымен қатар 245 мектеп жаңғыртудан өтеді, тағы 1000 ауыл мектебі модернизацияланады, ал 680 мектепке 1100 заманауи пәндік кабинет орнатылады.