Бұл мектепте Ақшолпан Зұлпыхарова орыс  тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Түркістан облысы, Жетісай ауданынан былтыр көшіп  келген. 4 баланың анасы Ақшолпан өзінің батылдық танытып қоныс аударғанына өкінбейді. Жұмысшы болып істейтін жолдасының айлығы да жеткілікті.

Ақшолпан Зулпыхарова – қоныс аударушы

Келгелі жағдайымыз жақсарды. Бұрын Күйеуімде жұмыс бар, өзімде жоқ еді. Қазір екеуміз де жұмыс істеп, бала-шағамызды асырап оытрмыз.

Айта кетерлігі, Соналы мектебінде 41 оқушы болса, соның ішінде 19 оқушы оңтүстік өңірден көшіп келген отбасылардың балалары. Күнгейден көптеп келген оқушылардың арқасында жабылуға шақ қалған мектеп қазір толыққанды жұмыс істеуде.Ауыл адамдары бұл үшін қоныс аударушыларға риза. Ауыл әкімінің айтуынша, тұрғындар бір отбасыдай тірлік етуде.

Сағымбай Қасенов – Тәгіл ауылдық округінің  әкімі

2018 жылы 8 отбасы көшіп келді. 5 отбасы жеке меншік шаруа атқарып жүр. Қалғандары осы мектепте сабақ береді. Қоныс аударушылардың 19 баласы мектебімізде оқиды.

Халық арасында Сарыкөл ауданы Соналы ауыл округін егіздер, үшемдер дүниеге көптеп келетін "қасиетті мекен" деп атайды. Нақты айтқанда, 2000 жылдардан бері бір ауылдың өзінен 28 егіз, үшемдер дүниеге келген. Ғалымдар бұл феноменді осы аймақтың табиғаты және энергетикасымен байланыстыруда.

Д.НАХЫПБЕК