Еліміздің білім саласына ерен еңбегін сінірген ағартушы-ұстаз, профессор Дархан Сабырхановтың өмірден озғанына да жылдың жүзі. 1974 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген ол еңбек жолын Шымкент қорғасын зауытының аға инженері болып бастаған. Білікті профессордың кейінгі өмірі білім-ғылыммен өрнектелді. 65 жыл ғұмырының 40 жылын қарашаңырақ М. Әуезов атындағы ОҚМУ қабырғасында өткізді. Жас ұрпақты ғылым жолына баулыды.

Оқу-өндірістік орталығында тәлімгерлер теорияда алған білімдерін шыңдайды. Мұнда тамақ өндірісіне арналған заманауи құрылғылардың түр-түрі бар. Яғни, шәкірттер мұнда шикізаттан жартылай фабрикат, ауылшаруашылық өнімдерінен кептірілген жеміс-жидек жасауды үйренеді.

Кенжехан Төлебаев – Д. Сабырхановтың туысы  

Дарханның дархандығын ел біледі. Оның білім жолындағы еңбегін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес...

65 жасқа қараған шағында дүниеден озған ұлағатты ұстаз жары Ажаркүл Әбілдақызы екеуі екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді. Арда азаматтың ел үшін еткен еңбегін ескерген университет ұжымына Ажаркүл апайдың алғысы шексіз.

Ажаркүл Байарыстанова – Д. Сабырхановтың жұбайы

Бүгінгі мынау ашылып жатқан орталықтың жұмысына көз сүйінеді. Осындай игі іске мұрындық болған Дария Пернешқызы бастаған ұжымға алығстан өзге айтарым жоқ...

Шәкіртсіз ұстаз тұл. Техника ғылымдарының докторы 1 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты және 5 магистр тәрбиеледі. «Тау алыстаған сайын биіктей түседі».  «КСРО өнертапқышы», білім беру ісінің құрметтісі Дархан Сабырханұлының  ғылым жолындағы  еңбегі әріптестерінің мәңгі жадында. Жыл өткен сайын жаңғыра бермек.  

Г. ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ