Жұма – пенденің жасаған дұғасы қабыл болатын күн. Бұл күннің мұсылман қауым үшін маңызы басым екені бұрыннан белгілі. Енді қаламыздағы 89 мешіттің 75-інде жұма намазын жамағатпен жасауға болады. Дегенмен, оған қойылатын өзіндік талаптар бар.
Мұхамеджан Естеміров – Шымкент қаласы бас имамының орынбасары
Жалпы, мешітке келуші міндетті түрде бетперде тағып келуі қажет. Мешітке келуші дәретті үйінде алып келгені абзал. Мешітте намаз оқып болған соң дереу шығып кету, Және арақашықтық 1.5 метр қашықтық сақтап жүру, намаздан соң қол беріп амандасуға болмайды. Оның орнына қолыңызды жүрек тұсына қойып, ишара жасаған дұрыс. Дене қызуы 37-дан жоғары, сондай-ақ, тұмау және басқада ауру белгілері бар азаматтар мешітке келмеу,
Дін өкілдері жасы 65-тен асқан қарияларға, балалар мен әйелдерге мешітке келмегені дұрыс екендігін ескертеді. Сондай-ақ, жұма намазы алдында бұрынғыдай уағыз айтылмайды.
Бақдаулет Абдрахманов – Шымкент қаласының бас имамы
Жұма намазын оқу үшін келген азаматтарға айтарымыз. Бұрынғыдай жұма намазы алдында жарты сағат уағыз-насихат айтылмайды.Тек жұма құтбасы мен парызы өте қысқа сүрелер мен аяттар оқу арқылы жүзеге асырылады. Және жұма намазынан кейін тәсбі және құран аяттары оқылмайды.
Перизат Ортай