Өздерінің ізденісі мен ғылымға деген құштарлығын қалай көрсете алады? Шымкенттегі мектеп оқушыларының бірі табиғатқа зияны тимейтін экомобиль ойлап тапса, екіншісі  күн қуатымен қозғалып,  жапырақ жинағыш квадроцикл құрастырып шықты. Озық ойлы жастар енді осы еңбектерін  жетілдіріп, оны «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде көрсетпекші. 

Жапырақ жинауға арналған техниканың құрылысы өте қарапайым. Көлік күн сәулесінен қуат алады. Шағын квадроцикл ағаштардың арасында емін-еркін жүреді. Өте ыңғайлы. Оның артындағы тіркемеге ауа сорғыш құрылғы орнатылған. Желдеткіштің көмегімен жердегі жапырақтар мен жеңіл қоқыстар сорып алынады. Нұржан бұл жобасын екі жылдан бері жетілдіріп келеді.

Нұржан Қантөре, өнертапқыш оқушы;

Мигалкілері болған жоқ жанып – өшіп тұратын. Сигналдары да болған жоқ. Төбесінде ғана күн батареясы болған еді. Мұны биыл ойладық, төрт жағына қоюды. Және өзінің ыңғайына қарай ашуды

Дарынды жас осы еңбегі арқылы «Қазақстанның болашағы саналатын 50 үздік есімнің қатарына енді. «Жас ғалым» медалімен марапатталды. Қазір 8-сыныпта оқып жүрген Нұржанның арманы асқақ, мақсаты айқын. Келешекте радиоэлектроника және бағдарлама түзуші мамандықтарын қоса игеріп, сол саланың білікті маманы атансам, - дейді. Жас өнертапқыш  қазір жобаны патенттеу, авторлық құқық алу үшін құжат рәсімдеп жатыр. Ал, Ернұр Нұрсәттегі 80 мектепте оқиды. 8-сынып оқушысының ойлап тапқан экомобилі ойландыратын жоба екен. Күн қызуынан қуат алып, алыстан басқару құралы арқылы жылжитын көлік көпшілікті қызықтырды.

Ернұр  Ибрагимов, өнертапқыш оқушы;

Мұны археологиялық қазба жұмыстары, геологиялық барлау секілді жұмыстарда қолдануға болады. Арқасына әлі арба қосамын. Сонда күннен қуат алатын құрылғылар орнатылатын болады.

Оңтүстікте Нұржан мен Ернұр секілді ғылыммен айналысуға ден қойған жастар қатары күн санап артып келеді. Осылайша өңір жастары өздерінің әрекетімен болашақтың энергиясы және технологиясымен жұмыс істеуге дайындықтарын бастады. Ендеше , болашақ өнертапқыштар қолында екені даусыз.

 

Нұрмахан КЕНЖЕХАН