Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков төрағалығымен аппараттық отырыс өтті. Жиында медицина, әскерге шақыру және заңсыз құрылыс мәселелері сөз болды.


Қалада алғашқы медициналық көмек көрсететін 58 ұйым жұмыс істейді. Онда 16 мыңнан астам маман халыққа қызмет көрсетіп келеді. Биыл 16 мектепте стоматологиялық кабинет ашылды, тағы 25 мектепте ашу жоспарланып отыр. Медицина саласына жаңа жабдықтар мен жедел жәрдем көліктері беріліп, бірқатар емханалар жөндеуден өтті. 250 дәрігер біліктілігін арттырды. Көктемгі әскери шақыру да жалғасып жатыр. Шымкенттен биыл 2 мыңнан астам азамат әскерге жіберілуі тиіс. Қазір олардың бір бөлігі шақырылған. Ал заңсыз құрылыс бойынша 100-ден аса нысан анықталған. Бір бөлігіне шара қолданылып, тексерістер жалғасып жатыр. Жиын соңында қала әкімі жауапты органдарға жұмысты күшейтіп, барлық бағытты бақылауда ұстауды тапсырды.